ҰБТ. Қазақ тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында. - Bio-Lessons

ҰБТ. Қазақ тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында.

1-БЛОК: Қазақ тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар

1. Зат есімнен болған синонимді анықтаңыз.
A) Әдемі, сұлу, көркем.
B) Қуану, шаттану, масаттану.
C) Тағдыр, пешене, жазмыш.
D) Ақ көңіл, ақжарқын, ақ шелек.
E) Кейінірек, жайырақ, кештеу.

2. Мәтел берілген нұсқа
A) Екі қораз ен қораға сыймас
B) Баланы жастан, әйелді бастан
C) Кең болсаң, кем болмайсың
D) Жақсы адамға жау жоқ
E) Қорқақты көп қусаң, батыр болады

3. «Уақыт, дәуір» ұғымындағы мақал-мәтелді табыңыз.
A) Көргені көп көш бастар
B) Ер жолдасы – тәуекел
C) Айласыз алданар
D) Елу жылда ел жаңа
E) Әңгіме жол қысқартады

4. Көңілге жағымсыз тиетін нәрсені жағымды етіп жеткізетін сөздер
A) дисфемизм сөздер
B) термин сөздер
C) диалект сөздер
D) табу сөздер
E) эвфемизм сөздер

5. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Терең адам.
B) Терең сезім.
C) Терең ой.
D) Терең білім.
E) Терең сай.

6. Тұрақты тіркестің баламасы
Түйенің тұяғы түсетін жер.
A) шаршау
B) алыс
C) төзімді
D) баяу
E) жақын

7. Айтылуда дыбыстық үндестікке ұшырап, өзгеріске түскен сөздер орфографиялық норма бойынша қалай жазылады
A) Авторлық көзқарас бойынша әр түрлі жазылады
B) Түбір қалпы сақталмай жазылады
C) Түбір қалпы сақталып жазылады
D) Дыбыстық өзгеріс бойынша жазылады
E) Мәтін мазмұнына байланысты әр түрлі жазылады

8. Айтылуы мен жазылуында айырмашылық байқалатын сөз
A) Жанаргүл
B) Мейрамбек
C) Жанболат
D) Арайлым
E) Жұмабай

9. Тасымалдауға болмайтын сөз
A) қария
B) тиын
C) жердегі
D) таңертеңгі
E) қарт

10. Үндестік заңына бағынбай қолданылатын сөздер
A) асхана, балгер
B) өнәлау, цехта
C) полюске, егізбен
D) інерлі, өсімтал
E) баламен, амандық


11. Тілдің ілгері қарай созылуы арқылы жасалатын дауыстылар қатары
A) ы,ү
B) ә,ө
C) а,е
D) ұ,у
E) а,о

12. Бірыңғай бітеу буынды сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Жаңбыр, достық.
B) Түркістан, Алматы.
C) Махаббат, Астана.
D) Қазақ, наурыз.
E) Абай, аққала.

13. Біріккен сөздерге жатпайтын қатар
A) аққу, алабота
B) қолғанат, Алакөл
C) шаруашылық, емхана
D) қаптесер, ақсақал
E) әлдекім, ешкім

14. Біріккен сөз.
A) білезік, ата-ана
B) үштөбе, байтақ
C) шекара, биыл
D) әр нәрсе, әркім
E) алшағыр, ойлы

15. Түбірлес сөздер.
A) суретпен, суретке
B) егінші, құрылысшы
C) уәделес, дидарлас
D) суретші, суреткер
E) егінді, егіннің

16. Меншіктілікті білдіретін жұрнақтар
A) -лық, -лік, -тық, -тік
B) -нікі, -дікі, -тікі
C) -ынды, -інді
D) -дай, -дей, -тай,- тей
E) -ның, -нің, -тың, -тің

17. Екі сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер қатары
A) жиналыс, күмәнді, елеусіз
B) атақты, белгісіз, тарихшы
C) әдептілік, тұжырымдылық, қонақшыл
D) әсемпаз, оқушы, сабырлы
E) тағатсыз, кінәлі, суреткер

18. Тіркесу арқылы жасалған зат есім
A) Күн тәртібі
B) Құлақ сал
C) Қара сүмек болу
D) Жәрдем ет
E) Күміс қасық

19. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар
A) -ымды, -імді, -мды, -мді
B) -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш
C) -ық, -ік, -қ, -к
D) -ғақ, -гек, -қақ, -кек,-ақ, -ек
E) -кер, -гер, -қой, -қор, -паз

20. Көмекші есімді табыңыз.
Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас арсылдап үрген ит даусы естілді.
A) Аралас.
B) Дүбірімен.
C) Сыртына.
D) Естілді.
E) Кеп түскен.


21. Қатыстық сын есім
A) алшақ, ақшыл
B) жақсырақ, тұщы
C) ақсақ, қызғаншақ
D) қараңғылау, қызғылт
E) нашар, момақан

22. «Іші» сөзінің зат есімдік қабілетін сақтап тұрған түрі
A) Ақбөпеш-ау, үй іші азынап кетіпті ғой.
B) Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде.
C) Расында да, таңертеңнен от жағылмаған бөлме іші салқын.
D) Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп кетіп, шатасты да жүрді.
E) Сырттан аяз, іштен жалын шарпиды.

23. Дұрыс жазылған реттік сан есімдер қатарын көрсетіңіз.
A) ІІІ-інші том
B) 15 орын
C) 8- інші орын
D) 1991 жыл
E) ХІІІ-ғасыр

24. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Әлдеқайдан гармонь үні, ән сазы естіледі.
A) Бастауыш
B) Пысықтауыш
C) Баяндауыш
D) Анықтауыш
E) Толықтауыш

25. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Барлығына.
B) Өзімді.
C) Маған.
D) Бұған.
E) Кім.

26. Жинақтық сан есім.
A) Біреу үшін жасығым
Өзім үшін асылым.
B) Түйе біреу, ат екеу, ешкі бесеу
C) Біреудікін берерсің
Өзіңдікін төлерсің.
D) Біреу тойып секіреді
Біреу тоңып секіреді.
E) Біреуінің күні жоқ біреуінсіз

27. Сан есімнің емлесіне сай келмейтін жауап
A) Екі жақтан бес-бестен адам өткен соң, жол бұрынғыдан да тарылды
B) Шыңғыстау өңірі XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның рухани орталығына айналды
C) Ертеден қара кешке дейін атқанымыз – үш-ақ құс
D) 2-3 жылдың ішінде 4 оқулық және оқу құралдары жазылды
E) 13-жасар Абылайды Уәлидің бір құлы сақтап қалады

28. Қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалатын шақ түрі
A) болжалды келер шақ
B) жедел өткен шақ
C) ауыспалы осы шақ
D) мақсатты келер шақ
E) нақ осы шақ

29. Қандай тұлғада жұмсалғанда етістікте бұйрықтық мағына болмайды
A) шақ тұлғаларында жұмсалғанда
B) болымсыз тұлғада жұмсалғанда
C) етіс тұлғасында жұмсалғанда
D) туынды түбір тұлғасында жұмсалғанда
E) болымды тұлғада жұмсалғанда

30. Бұрынғы өткен шақ етістігі қатысқан сөйлем
A) Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
B) Ол мектепті жұмыс істей жүріп бітірмек.
C) Ұлпан үйге кірді.
D) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
E) Дастарқанды тез жинап, Ақбала далаға шыққан еді.


31. Ортақ етіс
A) Ол жайлы сөйлесілді
B) Әңгіме айтылды
C) Хат жеткізілді
D) Хат жазысты
E) Отты сөндірді

32. Етістіктің қалау рай түрі
A) барса, айтпағай
B) барғызба, барғай
C) сөйлессін, сөйлесемін
D) хабарласайын, хабарласса игі еді
E) келгей еді, барғайсың

33. Тұйық етістікті тіркес
A) тазалап жу
B) әдемі бау
C) қоңыр аю
D) малды жаю
E) биік тау

34. Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан анықтап, түсіндіріп тұратын сөз не сөздер тобы … …. деп аталады. — жетіспейтін сөздер қатары
A) Анықтауыш
B) Жалпылауыш мүщелер
C) Айқындауыш мүшелер
D) Бірыңғай мүшелер
E) Пысықтауыш

35. Бірыңғай тура толықтауыш
A) Әбді келбетті, бітімді жас еді
B) Бұған көнуге, төзуге болмайды
C) Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын
D) Құнанбай осы жақын маңдағы рулардан басқа Тоғалақ, Әнет, Бекенді де шақыртқан
E) Бұл жиында Жақып, Майбасар, Ызғұтты сияқты үлкендер бар

36. Айқындауыш мүшеге байланысты тыныс белгілер
A) тырнақша,үтір
B) нүктелі үтір
C) үтір, нүкте
D) сұрау, леп белгілері
E) үтір, сызықша

37. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз табы
Нысанбай жыршы қарағайлы кәрі домбырасын екпіндете ұрды.
A) Амал үстеуі, көсемше
B) Мөлшер үстеуі, көсемше
C) Мекен үстеуі, есімше
D) Мақсат үстеуі, көсемше
E) Мезгіл үстеуі, есімше тұлғалы етістік

38. Бірыңғай жанама толықтауыш қатысқан сөйлем.
A) Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.
B) Сол аңғарды түсінген Әбіш өзі де кеше мен бүгін көп қайғы шеккен.
C) Нияз тағы да Ғайниге, бауға, балаға, мектепке, радионың сырықтары мен антеннасына қарады.
D) Ашаң бет, ұзынша бойлы, шашы артына қарай қайырылған жас жігіт Рахметпен амандасты.
E) Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті.

39. Құрмалас сөйлемнің түрі
Тыста мұның қолын артына байлап, бір семіз шабдар атқа мінгізді де, артына Төлепберді қарғып мініп алды.
A) аралас құрмалас
B) көп басыңқылы құрмалас
C) салалас құрмалас
D) сабақтас құрмалас
E) көп бағыныңқылы құрмалас

40. Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрге бөлінеді:
1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер;
2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;
3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Оның ішінен іргелес салаластарды бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер деп топтайды да, одан әрі төмендегідей грамматикалық-семантикалық топтарға жіктейді:
Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Ғылыми теорияны жазған ғалым:
A) М. Балақаев
B) Р.Сыздықова
C) А. Ысқақов
D) Р. Әмір
E) С.Негимов


41. Аралас құрмалас сөйлем
A) Арқа бусанды, маңдай терледі, шықырлаған аяз естен шықты.
B) Ермекбай, сен күдіктенсең де, айтайын: жала байдікі болғанда, өлтірткен – тағы солар.
C) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар.
D) Көкке тойған ұсақ малдар жедел қоңданып, алды төлдеп, ауыл осы жұртта жіпсіз байланып отырып қалды.
E) Мектепке шын жаның ашыса, Әділбековтің қылмысты екенін анық білсең, неге ашық айтпайсың?

42. Сенімділікті білдіретін қыстырма сөз қатысқан сөйлем
A) Адамның дене бітімі, әрине, табиғаттың үйлесімді заңдылықтарына тәуелді.
B) Меніңше, өзіне тән ерекшеліктері бар халық өзінің ділін, дүниетанымын өте мықты, іргелі тұғырларға орнықтыра алатыны заңды.
C) Шынында, рухани құндылықтар мәдениеттің сақталуына, өрбуіне себепкер болады.
D) Ұлттық менталитет, мүмкін, қазақтың «халықтың ділі» деген ұғымына сәйкес келер.
E) Ыстық қой, шіркін, туған жер!

43. Қыстырма сөз.
A) Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы болды.
B) Анада, жазғы сайлауда, Оспанға өзінің қарыздар боп кеткені бар.
C) Бұл істі істеген – мен, Базаралымын.
D) Сол жақта, алыс көк жиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді.
E) Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ.

44. Сөйлеммен айтылған қыстырма сөз
A) Нақ сендер қараласаңдар, көріп алармын, құдай-ақ та!
B) Қол ұстату үшін, қол ұстардың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады.
C) Тарихшылардың мәліметіне сүйенсек, бұл соғыста Филипп 20 мың адамды тұтқынға түсіріпті.
D) Маған ауылдың көше-көше болып орналасуы ұнады.
E) Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына келді.

45. Сөйлем мазмұнына сенімділікті білдіретін қыстырма сөз қатысқан сөйлем
A) Әбіштің байқауынша, Абайды қалың ой мазалайды.
B) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.
C) Мен, әрине, бұл арадан жуықта кетемін.
D) Сонымен, тағы да ойланып отырып, біраз сөз қосты.
E) Олардың айтуынша, Молдағазы ақылды, салмақты жігіт болып өскен.

46. Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті қыстырма сөз
Егіннің өсуі … ғажап екен.
A) Расында
B) Кім білер
C) Мүмкін
D) Соры қайнағанда
E) Сірә

47. Қаратпа сөз
A) Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.
B) Жә, жігіттер, сөз бен істі таныдық қой!
C) Осының бәрін, әрине, ол жалғыз істей алмайды.
D) Қап, енді кешігіп оралған ауыл кімге керек?!
E) Ойбай, ауылға жау шақырмай, кетіңдер әрі!

48. Көңіл айту, көңіл сұрау, естірту, жұбату шешендіктің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Сот ісінде.
B) Діни.
C) Әлеуметтік- саяси.
D) Академиялық.
E) Әлеуметтік-тұрмыстық.

49. Жеке адам өміріне қатысты іс қағазының түрін анықтаңыз.
A) Сенімхат.
B) Бұйрық.
C) Кепілдеме.
D) Келісімшарт.
E) Анықтама.

50. Асан қайғы, Жиренше шешен қазақтың ұлттық шешендік өнерінің қай ғасырларды қамтитын қай кезеңінің өкілдері екенін табыңыз.
A) ІІ кезең, ХІІІ-ХV ғасырлар
B) І кезең, ХІ-ХІІІ ғасырлар
C) ІІІ кезең, ХVІІІ ғасыр
D) ІІ кезең, ХІV-ХVІ ғасырлар
E) І кезең, Х-ХІІІ ғасырлар


Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
51. Шақыру одағайын табыңыз.
A) Пай, мәссаған.
B) Қош-қош, шөк-шөк.
C) Түу, уау.
D) Бәрекелді, уай.
E) Құрау- құрау, моh -моh
F) Охо, беу.

52. Еліктеуіш сөздердің көбіне қай көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады.
A) жаздады.
B) еді
C) ет
D) емес
E) жеп
F) деген

53. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A) Уәй, жігітім, бері жақындашы
B) Құлыным, Қайырлым, қайда жоғалып кеттің
C) Абай Оспанды үйіне шақырды
D) Кім сүймесін өз жерін
E) Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты
F) Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты

54. Жетек сұрақ _____ арқылы жасалады
A) ше шылауының қатысуы
B) сұрау есімдігі
C) анықтауыш сұрақ
D) кім есімдігінің қатысуы
E) бұйрық райдың ІІ жағы
F) шартты райға –шы, -ші жұрнағы жалғану

55. Толымсыз сөйлем
A) Кім сайлайды бұны?
B) Біздің ауыл аудан орталығынан шалғайда орналасқан.
C) Бүгін күн шайдай ашық
D) Қасқа ат асау екен.
E) Қарлығаштар қораға ұя салыпты.
F) Ауа райы бүгін жылы болады.

56. Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы
A) Мезгіл, мекенді атап көрсетеді
B) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем
C) Іс оқиға жөнінде баяндамайды
D) Керекті сөйлем мүшесі толық қатыспайды
E) Керекті сөйлем мүшесі толық қатысқан
F) Өзара желілес, сөйлемнің қажетті мүшелері айтылмайды

57. Себеп бағыныңқылы сабақтас:
A) Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды.
B) Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
C) Мұз жарғыш өзендерде сең жүре бастады.
D) Я алқымда булығып ашу тұрады, я көзінде жаңа бір үрей тұрады.
E) Қазір ол сақалын да қырған,киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
F) Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен-кіші қонақтарының айналасына жиылады.
G) Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық ала алмады.
H) Дала да, егін де, тоғай да- бәрі де сап-сары.

58. Талғаулы салалас сөйлемді ажыратыңыз.
A) Күн біресе жарқылдап, біресе шартылдап үрей қалдырмады.
B) Ақшаны созған қолды қайта итерді, әрі басын шайқады.
C) Я мен түк түсінбеймін, я осылар түк түсінбейді.
D) Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі сары аяз.
E) Сөзі орамды, әрі түрі жат және әдепті.
F) Бұл жауапты не сен дұрыс түсіндіре алмай тұрсың, не мен ұқпай тұрмын.

59. Берілген үзіндіге қажетті тыныс белгіні қойыңыз.
Ілініп тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба.
A) леп белгісі, үтір
B) сұрақ белгісі, леп белгісі
C) үтір , қос нүкте
D) леп белгісі, сұрақ белгісі
E) көп нүкте, сұрау белгісі
F) нүкте

60. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгі
Ілініп тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба
A) Сұрау және леп белгісі
B) Сұрау белгісі
C) Леп белгісі
D) Леп белгісі мен көп нүкте
E) Сұрау белгісі мен көп нүкте
F) Нүкте
G) Көп нүкте


Мәнмәтіндік тапсырмалар
1-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Қыс еді. Ымырт жабылған кез. Жуырда жаудан азат етілген Курсаково селосына келдік. Жөңкіп қашқан жау әскерінің қанды жасыл ізі сайрап жатыр. Күн шағырмақ аяз. Түнеп шығатын баспана іздедік. Аязды күнгі бұлтсыз аспанда қалың жұлдыздар жымыңдайды. Әлдеқайда алыстан бірте-бірте атылған ауыр зеңбіректің өзімізге үйреншікті дауысы естіледі. Көшеде қыбыр еткен жан жоқ. Бір балаға кездестік. Баланың ұсқыны тым жүдеу. Үстіне киген жалбыр тоны мұз болып қатып қалыпты. Белін кендір арқанның үзігімен буып алыпты. Түнеп шығатын үй іздеп жүргенімізді айттық. Баланың аты Володя екен. Ол бізді өз үйіне алып барды.
61. Күн шағырмақ аяз.
Жай сөйлемнің түрі
A) толымды сөйлем
B) атаулы сөйлем
C) жақты сөйлем
D) жалаң сөйлем
E) жайылма сөйлем

62. Берілген мәтіннің тақырыбы
A) Ауылдағы оқиға
B) Қайырымды бала
C) Жадыраған жаз
D) Қысқы демалыс
E) Күрең күз

63. Әлдеқайда алыстан бірте-бірте атылған ауыр зеңбіректің өзімізге үйреншікті дауысы естіледі.
Берілген сөйлемдегі үстеудің мағыналық түрі
A) мақсат үстеуі
B) сын-қимыл үстеуі
C) мөлшер үстеуі
D) мезгіл үстеуі
E) себеп-салдар үстеуі

64. Атаулы сөйлем
A) Ымырт жабылған кез.
B) Ол бізді өз үйіне алып барды.
C) Бір балаға кездестік.
D) Баланың аты Володя екен.
E) Түнеп шығатын баспана іздедік.

65. Баланың ұсқыны тым жүдеу.
Сөйлемдегі үстеудің мағыналық түрі
A) сын-қимыл үстеуі
B) мезгіл үстеуі
C) мақсат үстеуі
D) мекен үстеуі
E) күшейткіш үстеу

Мәнмәтіндік тапсырмалар
2-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
— Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
— Мен шәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,-деді Злиха.
— Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген,- деді.

66. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас.
A) -Мен шәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,-деді Злиха.
B) Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген,- деді.
C) -Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
D) Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады.
E) Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс.

67. Түбірі одағайдан болған туынды етістік
A) аһлап-уһлеп
B) жатыпты-мыс
C) қорқамын
D) жеңілдететін
E) әзілдесіп

68. Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс.
Сабақтас құрмаластың түрі.
A) Қимыл-сын бағыныңқы
B) Себеп бағыныңқы
C) Шартты бағыныңқы
D) Мақсат бағыныңқы
E) Мезгіл бағыныңқы

69. Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
Берілген сөйлемдегі үтірлердің қойылу себебі.
A) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.
B) Көп бағыныңқы сабақтас.
C) Көп басыңқы салалас.
D) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқы сабақтас.

70. Берілген мәтіннің тақырыбы.
A) Батырлық туралы.
B) Денсаулық туралы.
C) Достық туралы.
D) Отан туралы.
E) Сабырлық туралы.

1-БЛОК бойынша тест аяқталды.

ҰБТ. Қазақ тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында. НКТ. Тест по блоку: «Педагогика, методика обучения».
ҰБТ. Қазақ тілі қазақ тілінде оқыту сыныптарында. НКТ. Тренировочные тестовые варианты по учебным предметам.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать + шесть =