ҰБТ «Заңнаманы білу» бағыты - Bio-Lessons

ҰБТ «Заңнаманы білу» бағыты

Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары
1. Eңбек шарты жасалады
A) мәміле жағдайында ауызша нысанда
B) QR кодын пайдалану арқылы электронды түрде
C) тек мемлекеттік тілде үш данада
D) жазбаша нысанда кемінде екі данада
E) кез-келген нысанда және кез-келген тілде

2. Оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін
бұзбайтын жұмысты орындау үшін оқушылармен еңбек шартын жасасуға
болады
A) 6 жастан бастап
B) 14 жастан бастап
C) 11 жастан бастап
D) 13 жастан бастап
E) 16 жастан бастап

3. Жұмыскер жұмысқа кешігіп келген жағдайда, жұмыс беруші құқылы
A) тәртіптік жаза қолдану үшін жазбаша түрде түсініктеме талап етуге
B) жұмыскердің бүл теріс қылығын ұжымдық жиналыста талқылауға
C) қатаң сөгіс жариялаумен шектелуге
D) сөгіс жариялаумен шектелуге
E) еңбек шартын бұзуға

4. Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты
бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға
A) жұмыскер
B) тапсырыс алушы
C) жұмыс беруші
D) кәсіпкер
E) орындаушы

5. Oн төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасасуға жол
берілмейді
A) театрларда
B) цирктерде
C) өндірістік ұйымдарда
D) концерт ұйымдарында
E) кинематография ұйымдарында

6. Жұмыстан шеттетілген кезде жұмыскердің жалақысы
A) сақталады, бірақ уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің
есебінен төленбейді
B) сақталады, бірақ ақшалай көмек кәсіподақтан беріледі
C) елу пайызы төленеді
D) сақталмайды және уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің
есебінен төленбейді
E) сақталмайды, бірақ уақытша жарамсыздыққа төлем жұмыс берушінің
есебінен төленеді

7. Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлердің жұмыс уақытының
ұзақтығы
A) аптасына 36 сағаттан аспау керек
B) аптасына 24 сағаттан аспау керек
C) аптасына 30 сағаттан аспау керек
D) аптасына 32 сағаттан аспау керек
E) аптасына 35 сағаттан аспау керек

8. Tүнгі уақыттағы жұмысқа жіберілмейді
A) мүгедек жұмыскерлер
B) он алты жасқа толмаған мүгедек баланы асырап отырған ата-аналар
C) жеті жасқа толмаған балалары бар әйелдер
D) екі және одан көп баласы бар әйелдер
E) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер және жұмыс берушіге жүктілігі
туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер

9. Cынақ мерзімі көрсетілген уақыттан аспауы тиіс
A) төрт айдан
B) үш айдан
C) бес айдан
D) екі айдан
E) бір айдан

10. Kәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және
дамыту саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналастыруға жол берілмейді
A) шылым шегуге құмар тұлғалар
B) денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық қудалауда
жүрген немесе қудалауда болған тұлғалар
C) еңбек кітапшасында тәртіпке байланысты жазалар туралы жазбалар
бар тұлғалар
D) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар
E) алдыңғы жұмыстан теріс мінездемесы бар тұлғалар


11. Зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары
жұмыскермен оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, еңбек шарты
A) екі жылға ұзартылады
B) алты айға ұзартылады
C) жыл сайын ұзартылуы мүмкін
D) үш жылға ұзартылады
E) бір жылға ұзартылады

12. Eңбек жағдайлары өзгерген кезде жүзеге асырылады
A) жаңа еңбек шарты жасалады
B) бұл туралы ақпарат үш күн бұрын хабарланады
C) еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі
D) бұл туралы ақпарат жеті күн бұрын хабарланады
E) еңбек шарты өзгермейді

13. Біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты атқаратын лауазымына немесе
орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жұмыскермен еңбек шартын
бұзудың негізі болады
A) кадр бөлімінің шешімі
B) аттестаттау комиссиясының шешімі
C) кәсіподақтын шешімі
D) жұмыс берушінің шешімі
E) жұмыскердің өтініші

14. Жұмыс уақытына жатпайды
A) жұмыс орнында күту
B) тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс
C) тапсырма, құралдар алу
D) құжаттармен танысу
E) дайын шикізаттарды тапсыру

15. Жұмыскер жазбаша түсініктеме бермегенде жұмыс беруші тиісті актпен
тәртіптік жазаны қолданады
A) екі жұмыс күні өткеннен кейін
B) он жұмыс күні өткеннен кейін
C) бес жұмыс күні өткеннен кейін
D) үш жұмыс күні өткеннен кейін
E) жеті жұмыс күні өткеннен кейін

16. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтылығы аптасына
A) 38 сағаттан аспауы тиіс
B) 40 сағаттан аспауы тиіс
C) 39 сағаттан аспауы тиіс
D) 24 сағатан аспауы тиіс
E) 36 сағаттан аспауы тиіс

17. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге жол беріледі
A) жұмыс берушінің бұйрығы негізінде
B) жұмыскердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің актісін шығару
талап етіледі
C) рәсімдеу міндетті емес
D) жұмыс берушінің ауызша сұрауы бойынша
E) тек қана жұмыскердің жазбаша келісімі болса

18. Бірінші және екінші топтағы мүгедектердің жыл сайынғы ақы төленетін
қосымша еңбек демалысының ұзақтығы
A) күнтізбелік он күн
B) күнтізбелік он екі күн
C) күнтізбелік үш күн
D) күнтізбелік жеті күн
E) күнтізбелік алты күн

19. Демалыс беру, ауыстыру және жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысынан кері шақыртып алу рәсімделеді
A) демалыс кестесімен
B) жұмыскердің жазбаша келісімімен
C) рәсімделмейді
D) жұмыс берушінің актісімен
E) екі жақтың келісімімен

20. Iшкі еңбек тәртіптемесі бекітіледі
A) қауіпсіздікке жауапты тұлғамен
B) кәсіподақтын жалпы жиналысымен
C) жұмыскерлермен
D) жұмыс берушімен
E) қадр қызметінің басшысымен


21. Балалық шақ терминінің анықтамасы, оның құқықтық мәртебесі
A) балалар бақшасында тәрбиеленетін балалардың құқықтық жағдайы
B) жалпы мектепте білім алатын оқушылардың құқықтық жағдайы
C) өтпелі кезең жасындағы жасөспірімдердің құқықтық жағдайы
D) кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтық жай-күйі
E) бастауыш сыныптарда оқитын балалардың құқықтық жағдайы

22. Бала (балалар) – заң бойынша нақты айқындалған жас мөлшері
A) жиырма бес жасқа (кәмелетке) толмаған адам
B) жиырма жасқа (кәмелетке) толмаған адам
C) он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам
D) он жеті жасқа (кәмелетке) толмаған адам
E) он тоғыз жасқа (кәмелетке) толмаған адам

23. Қазақстан Республикасының баланың құқықтарына қатысты заңнама
A) тек қана ҚР бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк
құқықтық актілерден тұрады
B) халықаралық конвенциялардың нормаларына негізделген
C) өркениетті дамыған мемлекеттердің заңнамаларына негізделген
D) тек ҚР Конституциясына ғана негізделген
E) ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР бала құқықтарын қорғау
саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады

24. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы өздеріне
белгiлi болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды
адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi
бойынша
A) хабарлауға мiндеттi
B) хабарлауға немесе хабарламауға құқығы бар
C) хабарлауға ерікті
D) хабарлауға құқығы бар
E) хабарлауға міндетті емес

25. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
A) халықаралық конвенцияларда белгіленген жағдайларды қоспағанда,
баланың құқықтарын шектеуге болмайды
B) баланың құқықтарын шектеуге қатысты мәселемен тек қана Парламент
айналысады
C) БҰҰ арнайы қарарларында ғана баланың құқықтарын шектеуге жол
беріледі
D) баланың құқықтарын шектеуге мүлдем заңмен тыйым салынған
E) бекітілген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге
болмайды

26. Жетім балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондайақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн
қорғау үшiн оларға белгiленедi
A) қорғаншылық немесе қамқоршылық
B) тек қамқоршылық
C) тек қорғаншылық
D) кураторлық немесе қамқоршылық
E) қорғаншылық немесе кураторлық

27. Kәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
A) баламен бiрге тұру құқығы шектелген
B) баламен бiрге тұру құқығы заңнамамен айқындалады
C) баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесіне қатысуға құқығы бар
D) кей жағдайда кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұру
және тәрбиесіне қатысу құқығы белгілі бір мөлшерде шектеулі
E) баламен бiрге тұруға құқықтары болғанмен, кей жағдайда оның
тәрбиесіне қатысуға құқықтары шектеулі

28. Aта-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі
міндеттері
A) өз балаларын тәрбиелеу және оған білім беруге тек анасына ғана
тиесілі
B) ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауды ерікті
түрде жүзеге асырады
C) ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi
D) өз балаларын тәрбиелеу және оған білім беруге тек әкесі ғана мiндеттi
E) ата-аналардың өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауы
заңнама аясында ерікті түрде жүзеге асырылады

29. Aта-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі
құқықтары мен міндеттері
A) өз балаларын міндетті орта білім алуымен қамтамасыз ету атаанасының азаматтық борышы, кей жағдайда құқығы
B) баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуді тек анасы ғана
өз мойнына жүктейді
C) баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге тек әкесі ғана
міндетті
D) ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге
міндетті
E) әкесі, не болмаса анасы баласының міндетті орта білім алуын
қамтамасыз етеді

30. Aта-ана құқығынан айыру негіздері
A) балаға жиі дауыс көтеруі
B) баланы тұрақты түрде мектепке жеткізбеуі
C) ата-ананың алкоголдік ішімдіктерді пайдалануы
D) баланың сабағына тиісті дәрежеде көңіл бөлмеуі
E) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салыну, психотроптық
заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдалануы


31. Баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен
міндеттері
A) баланың білім алуына қатысты барлық мәселелерді, өзара келісу
арқылы ағайындары шешеді
B) білім алумен қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге
ала отырып ата-аналар шешеді, ал олардың арасында келіспеушіліктер
орын алған жағдайда прокуратура шешеді
C) баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді
баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып,
өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді
D) баланың тек қана тәрбиесімен қатысты барлық мәселелерді, өзара
келісу арқылы туысқандары шешеді
E) жалпы тәрбиеге қатысты барлық мәселелерді, өзара келісу арқылы атааналары мен туыстары шешеді, ал ата-аналар арасында өзара
келіспеушіліктер орын алған жағдайда тек сотқа жүгінумен ғана шеше
алады

32. Kөпбалалы отбасыларға
A) әлеуметтік кепілдіктер тек қана облыс әкімінің шешімімен беріледі
B) ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік
кепілдіктер беріледі
C) заңнамалық актілерге сәйкес жеңілдіктер қарастырылған да, ал
әлеуметтік кепілдіктер берілмейді
D) заңнамалық актілерге сәйкес әлеуметтік кепілдіктер беріледі де, ал
жеңілдіктер жағы қарастырылмаған
E) жеңілдіктер тек қана соттың шешімімен тағайындалады

33. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның
тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мен бала үшін басқа да маңызды
мәселелерді шешуге қатысуға
A) құқығы жоқ, егер ата-ананың бірі қарсылық білдірсе
B) құқығы ішінара жоқ
C) құқығы бар
D) құқығы жоқ, себебі бөлек тұрады
E) құқығы ішінара бар

34. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру
кезінде
A) білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз
баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар
B) тек қана білім беру ұйымдарынан өз баласы туралы жылына бір-ақ рет
ақпарат алуға құқығы бар
C) медициналық және басқа да ұйымдармен қатар, білім беру
ұйымдарынан өз баласы туралы ақпарат алуға заңмен тыйым салынған
D) білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз
баласы туралы ақпарат алу мәселесі заңнамада нақты айқындалмаған
E) тек қана медициналық ұйымдардан ғана өз баласы туралы толық
ақпарат алуға құқығы шектеулі

35. Aта-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге
ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi
бақылау жүктеледі
A) жергілікті атқарушы органдарға
B) жергілікті сот органдарына
C) жергілікті атқарушы және сот органдарына
D) жергілікті өкілді органдарға
E) конституциялық бақылау органдарына

36. Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды анықтау мен есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу тәртібін айқындайды
A) ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
B) ҚР Әділет министрлігі
C) Прокуратура органдары
D) ҚРЖоғарғы Соты
E) ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

37. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары
A) өздерін тәрбиелеу, білім алу үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне
талап қоюы азаматтық парызы болып саналады
B) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін
жағдайлардың қамтамасыз етілуіне
C) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін
жағдайлардың қамтамасыз етілуіне құқықтары жоқ
D) өздерін күту мен жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз
етілуі талаптардың бірі
E) өздеріне білім алу мен жан-жақты даму үшін жағдайлардың
қамтамасыз етілуі міндеті болып табылады

38. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды)
және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіпбағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін айқындайды
A) ҚР Қаржы министрлігі
B) ҚР Ішкі істер министрлігі
C) ҚР Премьер-Министрі
D) ҚР Парламенті
E) ҚР Үкіметі

39. Баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы
A) тек қамқоршының ғана баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың оқу
нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын
қамтамасыз етуге құқылы
B) тек қорғаншының ғана баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм
алу ұйымын таңдауға құқығы және баланың міндетті орта бiлiм алуын
қамтамасыз етуге құқығы бар
C) қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың
бiлiм алу ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқығы бар және
баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi
D) қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiмен санаспастан, баланың
бiлiм алу ұйымын және оқу нысанын таңдауға және баланың міндетті
орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге құқылы
E) қамқоршы баланың пiкiрiн ескерместен, баланың оқу нысанын
таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын өз
еркімен шеше алады

40. Eңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж,
еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға
A) ішінара міндетті
B) міндетті емес, себебі заңда ескерілмеген
C) міндетті
D) міндетті емес, себебі олардың ата-анасы болып табылмайды
E) міндетті емес


41. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне
жатпайды
A) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, білім беру бағыттары
бойынша бірдей болуы
B) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі
C) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын
дамыту
D) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі
қызметінің ашықтығы
E) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі

42. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
құзыреті
A) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу
қағидаларын әзірлейді және бекітеді
B) күндізгі бөлім нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді
C) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы шешім қабылдайды
D) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы
ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді
E) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік
органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді

43. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы
A) білім беру саласындағы заңнаманың біркелкі орындалуына
мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады
B) білім беру барысында қолданылатын заңдарды әзірлейді
C) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын
қамтамасыз етеді
D) аудан аумағында орта және жоғарғы білім беру жүйесінің қағидаларын
анықтайды
E) әкімшілік аумақтағы білім беру саласының бюджетін бекітеді

44. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан
Республикасы азаматтарының санатына жатады
A) Қазақстан Республикасы заңнамасында аталмыш санаттағы азаматтар
көрсетілмеген
B) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен
мүгедектер, мүгедек балалар
C) даму мүмкіндіктері уақытша шектеулі балалар
D) денсаулық жағдайына байланысты бакалавр бағдарламалары бойынша
белгілі бір уақыт үйде немесе медициналық оңалту көрсететін
ұйымдарда оқитын балалар
E) даму мүмкіндіктері уақытша және ішінара шектеулі балалар

45. Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленеді
A) қоғамдық жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына
сәйкес
B) халықаралық білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес
C) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру тұжырымдамасына сәйкес
D) мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің қосымша талаптарына
сәйкес
E) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының
талаптарына сәйкес

46. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай бөлінеді
A) бастауыш сипаттағы профильдік тәрбие мен оқыту
B) мектепке дейінгі тәрбие, ғылыми бағыт және оқыту
C) бастауыш профиліндегі тәрбие мен ғылыми бейімділік
D) бастауыш білім беру және негізгі орта білім беру
E) мектепке дейінгі мамандық бойынша тәрбие мен оқыту

47. Білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы
A) білім беру саласындағы уәкілетті орган
B) заңда көрсетілмеген
C) мектепке дейін білім беру орталықтары
D) білім беру саласындағы мектеп-интернаттар
E) жергілікті өзің-өзі басқару органы

48. Білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен
жүргізілетін рәсім
A) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау
B) референдумда немесе мәжілісте дауыс беру арқылы шешу
C) білім беру ұйымдарын бағалау
D) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
E) референдумда дауыс беру арқылы шешу

49. Ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және
үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды
жетілдіруге бағытталған қызмет түрі
A) тек қоғамдық тәртіптік жұмыс
B) оқытушылық жұмыс
C) тәрбие-әдістемелік жұмыс
D) педагогикалық жұмыс
E) ғылыми-әдістемелік жұмыс

50. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген
оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі
A) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі
B) эндаумент-қоры
C) отбасына шаққандағы қаржыландыру нормативі
D) қаржылық қамсыздандырылу нормативі
E) жарғы


51. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
A) тек қана білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске
асыруға қатысады
B) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және
іске асырады
C) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және
іске асыруға қатыспайды
D) білім беруді дамыту жөніндегі тұрақты түрде қызмет атқаратын
мемлекеттік комиссияны құрады
E) білім беруді дамыту туралы заңдардың күшін жояды немесе бекітеді

52. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары тұрады
A) тек кәсіптік практикадан
B) тек өндірістік және кәсіптік практикадан
C) теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік
практикадан
D) тек теориялық және кәсіптік практикадан
E) тек теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан

53. Белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген
кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған
кәсіптік оқыту нысаны
A) кәсіптік практика
B) практикалық машықтар
C) кәсіптік даярлау
D) кәсіптік әдіс
E) кәсіптік білім

54. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың
(бірлестіктердің) қызметі
A) сот органдары актілерімен тыйым салынады
B) білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен жол беріледі
C) тыйым салынады
D) құқыққоғау органдарының жіті қадағалауы негізінде белгілі мөлшерде
рұқсат етіледі
E) тек заң талаптарына сәйкес рұқсат етіледі

55. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
A) білім беру саласын мемлекеттік реттеуді жүргізетін халықаралық
ұйымдардың жиынтығы
B) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім
беру бағдарламаларының жиынтығы
C) аккредиттеу орталықтарының жиынтығы
D) білім беру саласын қаржыландыратын қорлардың жиынтығы
E) білім алушылардың тәуелсіз құрылған, заңға қайшы келмейтін
одақтарының жиынтығы

56. Бiлiм беру ұйымы әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске
асыруға құқылы
A) жоспарланған болса
B) лицензиясы болған жағдайда
C) оқу жоспарында көзделсе
D) жергілікті атқарушы ұйымның шешімі негізінде
E) тек стандартқа сәйкес

57. Oқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің
қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді
меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді
A) мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
B) кәсіптік-техникалық білім стандарты
C) жалпыға міндетті мектеп бағдарламалары
D) жалпыға міндетті мектепішілік стандарт
E) орта білімнің міндетті мемлекеттік стандарты

58. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму
мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін әзірленетін және
енгізілетін бағдарламалар
A) арнайы оқу бағдарламалары
B) жалпыға бірдей оқу бағдарламалары
C) мемлекеттік міндетті стандарт
D) үлгілік оқу бағдарламалары
E) мектепішілік оқу бағдарламасы

59. Aлты жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу жүзеге
асырылады
A) тек қана отбасында
B) интернаттарда немесе екі жастан бастап бес жасқа дейін мектепке
дейiнгi ұйымдарда
C) мектепке дейiнгi мекемеде
D) балалар үйінде немесе бiр жастан бастап бес жасқа дейін мектепке
дейiнгi ұйымдарда
E) отбасында немесе бiр жастан бастап алты жасқа дейін мектепке дейiнгi
ұйымдарда

60. Mемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық
A) ақылы
B) кәсіп одақ басшысы шешеді
C) ата-анасының еркі бойынша
D) тегiн
E) ақылы және тегін


61. Педагог лауазымдарының тізбесін бекітетін орган
A) Қазақстан Республикасының Президенті
B) аудандық білім басқармасының басшысы
C) білім беру саласындағы уәкілетті орган
D) Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары
E) Қазақстан Республикасының Үкіметі

62. Педагогтік әдепті бұзған жағдайда
A) мұғалім жұмыстан шығарылады
B) мұғалім мен оқушының арасындағы келіспеушілік болып саналады
C) заңға қайшы іс-әрекет болып саналады
D) ҚР еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тартылады
E) мектептің ішкі ережелеріне бағынбауы болады

63. Педагогтерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер
A) педагог отбасын қолдау мақсатында әлеуметтік жыл сайынғы 50 еселік
айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржылай көмек
B) сауығу мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес шетелдік демалыс
орындарына барып демалуға
C) ҚР заңнамасына сәйкес тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік
тұрғынжайға немесе жатаханаға
D) ұзақтығы күнтізбелік 24 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысына
E) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке
тұрғын үй құрылысы үшін кепілді қаражатқа

64. Педагогтің міндеттері
A) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған іс шараларға қатысу
B) балаларды заңға, жеке тұлғалар құқықтарына, үлкендерге, отбасылық
құндылықтарға құрмет, патриоттық рухында тәрбиелеу
C) ақысы төленбейтін қосымша оқу жүктемесін жүргізу
D) ақысы төленбейтін қосымша тәрбиелік жұмыстар атқару
E) оқу орны ұйымдастырған қосымша жұмыстарға қатысу

65. Балаларды ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени
құндылықтарға құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриотизм рухында
тәрбиелеу
A) педагогтің жеке азаматтық ұстанымы
B) педагогтің құқығы
C) педагогтің міндеті
D) педагогтің құзырындағы мәселе
E) педагогтің жеке субъективті көзқарасы

66. Педагог мәртебесіне ие болады
A) білім беру саласында өзін тек жақсы адами қырынан көрсете білген
тұлға
B) білім беру саласындағы тек қана жоғары білімі бар тұлға
C) білім беру саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан асқан тұлға
D) білім беру саласында үздіксіз 25 жыл қызмет атқарған тұлға
E) білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және ҚР
заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек
қатынастарында болған тұлға

67. Педагогтік кәсіптік қызметпен айналысуға қатысты шектеу қолданылады
A) педагогтік кәсіптік қызметпен айналысуға шектеу қойылмайды
B) мемлекеттік уәкілетті орган шешімімен тыйым салынған тұлғаларға
C) 2 және 3 топтағы мүгедектерге
D) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе)
наркологиялық есепте тұрған тұлғаларға
E) аудандық білім беру басқармасының басшысы бекіткен тұлғаларға

68. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын бұзғаны
үшін
A) тек жұмыстан шеттетіледі
B) жауапкершілік көзделмеген
C) қылмыстық жауапкершілікке тартылады
D) тек айыппұл салынады
E) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке
тартылады

69. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
A) тек мектеп басшыларының нұсқауымен ғана біліктілікті арттыру
нысандарын таңдауға
B) тек қана үздіксіз кәсіптік дамуға
C) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға
D) ортасына үзіліс сала отырып кәсіптік дамуға
E) тек қана біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға

70. Tәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
A) қосымша ақы төленеді
B) қосымша демалыс күндері беріледі
C) материалдық құндылық және мақтау грамотасы беріледі
D) үстемақылар төленеді
E) ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер төленеді


71. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы реттейді
A) баланың ҚР Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары
мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын
қатынастарды
B) өспелі кезеңді бастан кешіріп жатқан жасөспірімдер арасындағы
қатынастарды
C) баланың шет мемлекеттер аумақтарындағы құқықтары мен заңды
мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды
D) балалардың тек ішімдікке, шылым шегуге және дәстүрлі емес дін
ағымдарына қатынастарын
E) өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар мен олардың атааналары арасындағы қатынастарды

72. Қазақстан Республикасында кәмелеттік жасқа толған болып саналады
A) 21 жас
B) 20 жас
C) 18 жас
D) 10 жас
E) 16 жас

73. Баланың заңды өкілдері болып танылады
A) бала күтушісі
B) мектеп мұғалімі
C) педиатр
D) патронат тәрбиелеуші
E) балабақша тәрбиелеушісі

74. Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес балаға
конкурстық негiзде тегiн білім алуға кепiлдiк берiледi
A) бастауыш
B) негізгі орта
C) жалпы орта
D) орта білімнен кейінгі және жоғары
E) шетелдік

75. Балалар ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына
және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және
психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке
қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар жас мөлшері
A) он жеті жастан бастап
B) он үш жастан бастап
C) он алты жастан бастап
D) он төрт жастан бастап
E) он екі жастан бастап

76. Aта-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға
A) ата-анасынан айырылғандығын еске салуға жол берілмейді
B) прокурорлық қадағалау орнатылады
C) жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделуге бағытталған бағдарламалар
ұсынылады
D) бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың
бақылауы жүргізіледі
E) қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді

77. Қорғаншылық белгіленеді
A) жасы он екіге толмаған балаларға
B) жасы жиырма бірге толмаған балаларға
C) жасы он алтыға толмаған балаларға
D) жасы он төртке толмаған балаларға
E) жасы он сегізге толмаған балаларға

78. Oн бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты балалар
орналастырылады
A) жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа
B) қарапайым орта мектептерге
C) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына
D) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына
E) медициналық-әлеуметтік мекемеге

79. Tөрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi күтіп-бағуға, медициналық,
тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеуге мұқтаж
мүгедек балалар қабылданады
A) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына
B) медициналық-әлеуметтік мекемеге
C) қарапайым орта мектептерге
D) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына
E) жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа

80. Mүгедек бала бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға,
шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы
A) ата-анасының немесе басқа заңды өкілінің рұқсаты болған жағдайда
B) күрделі ақпаратты қабылдап, оны сараптай алатын қабілет көрсететін
болса
C) тек мүгедек балаларға арналған тестті сәтті өткен жағдайда
D) өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай болған
жағдайда
E) халықаралық стандарттар талаптарына сай келетін жағдайда

 НКТ.1-Блок направление «Знание законодательства»
 Тесты по Законодательству РК для руководителей организаций образования (Рандомные)
 НКТ. 2-Блок направление «Управленческие компетенции»
 НКТ. Тест по блоку: «Педагогика, методика обучения».

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Bio-Lessons
Добавить комментарий

семь + 1 =

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: