ПББ География - Bio-Lessons

ПББ География

1-БЛОК: География
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
1. Алғашқы глобус жасалған уақыт
A) XVI ғ.
B) XVII ғ.
C) XIII ғ.
D) XV ғ.
E) XIV ғ.

2. Бағдарлау (ориентирование) дегеніміз
A) ауа температурасын анықтау
B) төбе биіктігін анықтау
C) затты анықтағанға дейінгі арақашықтықты өлшеу
D) план жасау
E) көкжиек тұстарын анықтау

3. 3150 азимут
A) солтүстік
B) солтүстік-батыс
C) солтүстік-шығыс
D) батыс
E) шығыс

4. Жер Күнді 1 рет айналып шығатын уақыты
A) 365 күн 6 сағат
B) 365 күн 5 сағат
C) 366 күн 8 сағат
D) 366 күн 6 сағат
E) 365 күн 4 сағат

5. 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерлерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшерлеріне қатынасы
A) салыстырмалық ылғалдылық
B) абсолюттік ылғалдылық
C) атмосфералық қысым
D) атмосфералық жел
E) салыстырмалық қысым

6. 22 маусымда:
A) жер осінің оңтүстігі Күнге қарайды
B) жер осінің солтүстігі Күнге қарайды
C) жазғы күн мен түн теңеседі
D) оңтүстік жарты шарда көктем басталады
E) 23030/о.е. күн сәулелері тік түседі

7. Жердің тірі ағзалар мекендейтін қабығы
A) гидросфера
B) литосфера
C) тропосфера
D) атмосфера
E) биосфера

8. Дүниежүзілік мұхит суының жылдық орташа температурасы
A) +16,5
B) +18,5
C) +15,5
D) +14,5
E) +17,5

9. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар, майда ағзалар бірлестігі
A) зона
B) белдеу
C) биоценоз
D) табиғат кешені
E) биосфера

10. Жаздың күні буланған ауаның су тамшыларына айналуы
A) қар
B) жауын
C) шық
D) бұршақ
E) жаңбыр


11. Жеке дара мұхитты алып жатқан тақта
A) Антарктида
B) Еуразия
C) Наска
D) Үнді-Аустралия
E) Африка

12. «Мұз бен от елі»
A) Дания
B) Жапония
C) Исландия
D) Ирландия
E) Нидерланды

13. Жердің солтүстік магниттік полюсінің орнын анықтады
A) Г. Гудзон
B) А. Чириков
C) Д. Кук
D) В. Беринг
E) Р. Амундсен

14. “Үлкен жел” деген мағынаны білдіретін дауылдар
A) Тайфун
B) Цунами
C) Торнадо
D) Толқын
E) Смерч

15. Джон Эйр Аустралияның оңтүстік жағалауындағы шөлді _____ деп атады
A) Хамада
B) Тасты
C) Налларбор
D) Сазды
E) Құмды

16. Аустралияның оңтүстік-шығысында шоғырланған пайдалы қазба
A) сапфир
B) обсидиан
C) тас көмір
D) андезит
E) пемза

17. Көрсетілген мәліметтерге қатысты

A) Африка
B) Гималай
C) Солтүстік Америка
D) Оңтүстік Америка
E) Еуразия

18. Қазақстан жеріндегі табиғат зоналары
A) орман зонасы, шөл, шөлейт
B) сирек және аралас ормандар
C) биік таулы белдеулер және шөл, шөлейт
D) орманды дала, дала, шөлейт
E) орманды дала, дала, шөлейт, шөл

19. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшкен жыл
A) 1997
B) 1999
C) 1996
D) 1998
E) 1995

20. Қазақстан аумағындағы көлдердің көпшілігінің орналасуы
A) орталық
B) солтүстік
C) оңтүстік
D) шығыс
E) батыс


21. Қазақстан мұздықтарының ең көп шоғырланған ауданы
A) Сауыр
B) Жетісу Алатауы
C) Алтай тауы
D) Іле Алатауы
E) Тянь-Шань

22. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған ғалым
A) И. Мушкетов
B) В. Обручев
C) Н. Северцов
D) Ш. Уалиханов
E) В. Сапожников

23. Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды
A) 1998 ж.
B) 1990 ж.
C) 1992 ж.
D) 1991 ж.
E) 1997 ж.

24. Поляр флорасы мен фаунасы жерсінген қорық
A) Наурызым
B) Алматы
C) Ақсу-Жабағылы
D) Батыс Алтай
E) Қорғалжын

25. Маңғыстау облысында орналасқан қорық
A) Наурызым
B) Үстірт
C) Марқакөл
D) Ақсу-Жабағылы
E) Қорғалжын

26. Балқаш маңы қорықшасына тән өсімдіктер дүниесі
A) жүзгін мен құм қарағаны
B) боз, құм қарағаны
C) жабайы жүзім, жүзгін
D) қарақат, сылдыршөп
E) бадам бұтасы, долана

27. Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30% шоғырланған жер
A) Бурабай ұлттық саябағы
B) Алтынемел ұлттық саябағы
C) Көкшетау ұлттық саябағы
D) Алматы қорықшасы
E) Зеренді қорықшасы

28. Белорусьтар көп қоныстанған облыс
A) Павлодар
B) Ақтөбе
C) Ақмола
D) Солтүстік Қазақстан
E) Шығыс Қазақстан

29. Еліміздің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекіткен жыл
A) 1992
B) 1980
C) 1994
D) 1993
E) 1991

30. Барланған пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстанның әлемдегі орны
A) 9
B) 7
C) 5
D) 8
E) 6

31. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған жыл
A) 2000 ж.
B) 1991ж.
C) 1986 ж.
D) 1992 ж.
E) 1999 ж.

32. Азия жерінің 6,1 %-ын алып жатқан мемлекет
A) Түркіменстан
B) Өзбекстан
C) Қырғызстан
D) Тәжікстан
E) Қазақстан

33. Солтүстік Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласы
A) қара металлургия
B) ауыр
C) тамақ
D) түсті металлургия
E) химия

34. Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласы
A) қара металлургия
B) отын-энергетикалық кешен
C) түсті металлургия
D) машина жасау
E) химия

35. Фосфор тыңайтқыштары өндірісінің орталықтары
A) Балқаш, Жезқазған
B) Ақтөбе, Арқалық
C) Тараз, Алға
D) Көкшетау, Павлодар
E) Қарағанды, Өскемен

36. Орталық Қазақстанда өсірілетін қойдың түрі
A) қылшық жүнді
B) арқар-меринос
C) қаракөл елтірісі
D) еділбай қойы
E) биязы жүнді

37. Территорияның экономикалық аудандастыру принципін әзірлеген географ
A) В.П.Максаковский
B) М.С. Берг
C) П.С.Паллас
D) И.В.Мушкетов
E) Н.Н.Баранский

38. Еліміздегі халық саны жағынан бірінші орындағы аудан
A) шығыс
B) батыс
C) оңтүстік
D) орталық
E) солтүстік

39. “Демографиялық жарылыс” процесі қай елдерге тән
A) Солтүстік Америка
B) Азия, Африка, Латын Америкасы
C) Шығыс Еуропа
D) Қоныс аударушы елдер
E) Австралия және Мұхиттық аралдар

40. Федерациялы мемлекеттер
A) Ресей, АҚШ
B) Аргентина, Армения
C) Бразилия, Жапония
D) АҚШ, Италия
E) Үндістан, Непал


41. Халық санағын алғаш жүргізген ел
A) Египет
B) Канада
C) Ресей
D) Алжир
E) Қазақстан

42. Әйгілі «Кока-кола» фирмасы орналасқан АҚШ-тың экономикалық ауданы
A) Батыс
B) Орта Батыс
C) Оңтүстік
D) Шығыс
E) Солтүстік Шығыс

43. АҚШ-тың «Силикон аңғары» маманданған шаруашылық саласы
A) кеме жасау
B) электроника
C) резеңке жасау
D) автомобиль жасау
E) фармацевтика

44. Канададағы ағаш өнеркәсібінің орталығы
A) Онтарио
B) Квебек
C) Саскачеван
D) Манитоба
E) Британ Колумбиясы

45. Батыс Еуропадағы ең ірі порт
A) Гавр
B) Неаполь
C) Роттердам
D) Марсель
E) Гамбург

46. Парсы шығанағының аса ірі порттарынан жөнелтілетін басты мұнай ағындарының бағыты
A) Франция, Италия
B) Канада, Австрия
C) Батыс Еуропа, Жапония
D) Африка Азия
E) Германия, Англия

47. Азияның мешеу елдері
A) Ауғанстан, Бутан, Непал
B) Сауд Арабиясы,Тайвань
C) Иран, Мьянма, Израиль
D) Қытай, Жапония, Ирак
E) Сингапур, Малайзия, Оман

48. Оңтүстік — Батыс Азия құрамындағы конституциялық монархиялы ел
A) Иордания
B) Оман
C) Бахрейн
D) Ливан
E) Йемен

49. Азиядағы ең ірі порты бар мемлекет
A) Сингапур
B) Бруней
C) Калькутта
D) Малайзия
E) Джакарта

50. Хоккайдо аралындағы басым ормандар
A) жалпақ жапырақты
B) аралас ормандар
C) субтропиктік ылғалды
D) қылқан жапырақты
E) мәңгі жасыл ылғалды экваторлық


Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
51. Жер шарындағы ірі континенттік шөлдер
A) Виктория
B) Калахари
C) Қызылқұм
D) Тар
E) Арабия
F) Намиб

52. Өтпелі климаттық белдеулер
A) қоңыржай
B) субэкваторлық
C) субантарктидалық
D) субарктикасыз
E) тропиктік
F) субтропиктік

53. Қазақстанның негізгі табиғат зонасы
A) тропиктік шөл
B) қылқан жапырақты орман
C) шөлейт
D) дала
E) орманды дала
F) шөл

54. Сарыарқаның тұщы көлдері
A) Теңіз
B) Қорғалжын
C) Сілеті
D) Шортанды
E) Шідерті
F) Бурабай

55. Қазақстандағы мұнай өндіруге байланысты құрылған бірлескен кәсіпорын
A) ”Испат-Қармет”
B) Арселор Миттал Темиртау
C) Алашаңқой
D) Қазақмыс
E) “Теңіз-Шевройл”
F) ”Филипп Моррис”
G) ”Трактабель”
H) “Уайтсвен”

56. Шағын су электр станциялары өндіретін электр қуатының мөлшері
A) 80 кВТ
B) 180 кВт
C) 50 кВт
D) 100 кВт
E) 150 кВт
F) 200 кВт
G) 30 кВт
H) 120 кВт

57. Африка халқы арасындағы басым діндер
A) даосизм
B) жергілікті
C) шаманизм
D) конфуцийлік
E) буддизм
F) христиан
G) ислам
H) синтоизм

58. Африкадағы ең ірі бөгендер
A) Кариба
B) Гобон
C) Инга
D) Кабора — Басса
E) Насер
F) Асуан
G) Конго
H) Нигара

59. Аустралия жеріне бұдан 40-45 мың жыл бұрын келген адамдардың аймақтары
A) Африкадан
B) Партугалиядан
C) Еуропадан
D) Үндіқытайдан
E) Оңтүстік-Шығыс Азиядан
F) Индонезиядан

60. Аустралия өндірілген көмірді сыртқа шығарады
A) Жапонияға
B) АҚШ-қа
C) Нидерландқа
D) Индонезияға
E) Кореяға
F) Ұлыбританияға


Мәнмәтіндік тапсырмалар
1-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Дүние жүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және пайдаланылу ауқымымен байланысты.
Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуі экономикасы дамыған елдер негізінен тұтынушы болса, дамушы елдер шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.

61. 1 тонна өнім алуға 1500 м3 су жұмсалатын өнім
A) целлюлоза
B) пластмасса
C) мата
D) мыс
E) болат

62. 1 тонна өнім алуға 2000 м3 су жұмсалатын өнім
A) целлюлоза
B) болат
C) синтетикалық каучук
D) мыс
E) азот тыңайтқыштары

63. 1 тонна өнім алуға 500-1000 м3 су жұмсалатын өнім
A) болат
B) целлюлоза
C) азот тыңайтқыштары
D) мыс
E) пластмасса

64. 1 тонна өнім алуға 500 м3 су жұмсалатын өнім
A) болат
B) мыс
C) пластмасса
D) синтетикалық каучук
E) целлюлоза

65. 1 тонна өнім алуға 250 м3 су жұмсалатын өнім
A) болат
B) маталар
C) целлюлоза
D) мыс
E) пластмасса

Мәнмәтіндік тапсырмалар
2-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Аустралиялық Джон Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне келу үшін Қазақстан климаты туралы ақпарат алуы керек болды. Ол Қазақстанның климаты туралы ғаламтордан мынадай мәлімет алды:
Қазақстанның климаты-шұғыл континетті. Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар айы. Қаңтардағы орташа температура – солтүстікте -19°C, оңтүстікте -1,5°C. Шілдедегі орташа температура солтүстікте +19°C, оңтүстікте 28-30°C. Қазақстандағы жауын-шашынның орташа мөлшері 130-1600 мм аралығында. Республика жерінде ылғалдылық мөлшері жауын-шашынға ғана емес, булану мөлшеріне де байланысты. Адамның шаруашылық әрекетіне кері әсер беретін қауырт атмосфералық құбылыстар болып тұрады. Мұндай құбылыстарға үсік, көктайғақ, шаңды дауылдар жатады.
66. Қазақстанда жауын-шашын көп түсетін мезгіл
A) көктемнің аяғы, күздің басы
B) көктемнің басы, күздің аяғы
C) қыстың ортасы
D) күздің аяғы, қыстың басы
E) қыстың аяғы, көктемнің басы

67. Қазақстандағы солтүстіктегі орташа жоғары температура +19°C және орташа төменгі температура -19°C болса, жылдық амплитуда
A) 19°C
B) 38°C
C) 0°C
D) 36°C
E) 30°C

68. Буланушылық 1200 мм, жауын-шашын 151 мм болса, ылғалдану коэффициенті
A) 0,12 мм
B) 7,9 мм
C) 0,11 мм
D) 8 мм
E) 0,15 мм

69. Жауын-шашын мөлшері 1600 мм-ге дейін түсетін аймақ
A) Алтай тауының оңтүстігі
B) Марқакөлдің оңтүстігі
C) Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы
D) Шүлбі өзенінің төменгі ағысы
E) Ертістің оңтүстік бөлігі

70. Қазақстан климатының шұғыл континентті болу себебі
A) шығысы мен оңтүстік шығысы таулы аймақтар
B) жазықтар мен таулы үстірттер басым
C) жауын-шашын мөлшері әркелкі
D) мұхиттардан шалғайда орналасқан
E) қоңыржай белдеуде орналасқан

1-БЛОК бойынша тест аяқталды.

 НКТ. Тест по блоку: «Педагогика, методика обучения».
 НКТ. Тренировочные тестовые варианты по учебным предметам.
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Bio-Lessons
Добавить комментарий

2 − 2 =

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: