ПББ Биология - Bio-Lessons

ПББ Биология

1-БЛОК: Биология
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар

1. Шырынды жемістердің бөлінуі
A) бұршаққап, қауашақ, сүйекті
B) бұршаққын, дәнек, тұқымша
C) жаңғақ, қанатты жеміс
D) жидек, жидек тәрізді, сүйекті
E) жинақталған жемістер, жидек

2. Гүлдің гүлсерігі
A) тек қана аналық
B) күлтелері мен аталықтары
C) тек қана аталық
D) күлтесі мен тостағаншасы
E) аталығы мен аналығы

3. Жапырақта түзілген органикалық заттарды басқа мүшелерге жеткізеді
A) оймақша
B) сүрек
C) саңылау
D) сүзгілі түтік
E) қиыршық

4. Ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаратын тамыр
A) емізік
B) тіреу
C) тыныс алу қызметін атқаратын
D) түйнекті
E) жемтамыр

5. Ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіретін тамыр
A) түйнекті
B) емізік
C) тіреу
D) ауа тамырлары немесе қосалқы тамырлар
E) жемтамыр

6. Жапырағы доға жүйкелі өсімдік
A) арпа
B) темекі
C) алабота
D) қызан
E) інжугүл

7. Тамырдың қызметі
A) газ алмастырады
B) жасушалардағы артық суды буландырады
C) ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді
D) органикалық зат түзеді (фотосинтез)
E) суды және онда еріген тұздарды сабаққа өткізеді

8. Жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалар
A) гүлдің аталығы
B) күлте жапырақ
C) тостағанша жапырақ
D) гүлдің сағағы
E) гүлдің аналығы

9. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп бекінетін гүлшоғыр түрі
A) шоғырбас
B) собық
C) шашақ
D) масақ
E) шатыр

10. Жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан ұлпа
A) тірек ұлпасы
B) жабын ұлпа (өң)
C) негізгі ұлпа
D) өткізгіш ұлпа
E) бөліп шығарушы ұлпа


11. Қағаз дайындауға пайдаланатын ашық тұқымды өсімдік
A) самырсын
B) арша
C) секвоя
D) қарағай
E) шырша

12. Бриологияның негізін қалаған
A) И.Гедвиг
B) Д.И.Ивановский
C) Г.Мендель
D) У.Робертс
E) А.Г.Полотебнов

13. Дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасатын балдыр
A) бір жасушалы балдыр
B) көп жасушалы жасыл балдыр
C) қоңыр балдыр
D) жасыл балдыр
E) қызыл балдыр

14. «Өсімдік түрлері» атты еңбектің авторы
A) Ж.П.Турнефор
B) К.Линней
C) Лука Гини
D) Джон Рей
E) А.Плиний

15. Тиса қылқанының тіршілік ету ұзақтығы
A) 5-12 жыл
B) 6-10 жыл
C) 1-4 жыл
D) 2-4 жыл
E) 9-13 жыл

16. Спорангийлердің жиынтығы
A) циста
B) зигота
C) сорус
D) спора
E) қабық

17. Гүлінің формуласы *Гc3+3А3+3Ж(3) болатын өсімдік
A) басты пияз
B) орамжапырақ
C) қызанақ
D) асбұршақ
E) раушан

18. Орамжапырақ тұқымдасының майлы өсімдік түрі
A) ақжелек
B) арыш
C) жұмыршақ
D) қыша
E) ақбасқурай

19. Қайықша ішінде 1 аналықты 10 аталық қоршап тұратын гүл тұқымдасы
A) бұршақ
B) пияз
C) астық
D) алқа
E) лалагүл

20. Қан құрамындағы холестиринді азайту үшін медицинада қолданылатын өсімдік
A) қызанақ
B) арпа
C) итмұрын
D) баклажан
E) құлпынай


21. Ірі гүлдері жеке-жеке орналасып, шашақ гүлшоғырын түзетін және жемісі-қауашақ болатын тұқымдас
A) бұршақ тұқымдас
B) күрделігүлділер
C) шаршыгүлділер
D) асқабақтар
E) лалагүлділер

22. Астық тұқымдас азықтық, малазықтық, техникалық, құрғақшылыққа төзімді өсімдік
A) беде
B) атқонақ
C) құмай
D) мақта
E) бидайық

23. Көз алмасының торлы қабықшасы
A) қанмен қамтамасыз етеді
B) зақымдалудан қорғайды
C) жарықты сезетін рецепторлар орналасады
D) жарық сәулесін еркін өткізеді
E) көз ішіне жарық түсуін реттейді

24. Омыртқа жотасының өзегінде орналасады
A) жұлын
B) рефлекс
C) бұлшықет
D) қаңқа
E) миофибрилла

25. Парасимпатикалық бөлім іс-әрекеті
A) жылу беруді жоғарылатады
B) жүректің жиырылу мөлшерін арттырады
C) асқорыту мүшелерінің іс-әрекетін тежейді
D) жылу беруді төмендетеді
E) көз қарашығының ұлғаюына әсер етеді

26. Қолба (құтыша) тәрізді жасушалар
A) түнді жақсы көреді
B) заттың түсін ажыратады
C) жарқыраған жарықтан қорғайды
D) жарық сәулесін қабылдамайды
E) көзді ылғалдап жылытады

27. Тамырлы қабақтың алдыңғы жағы
A) таяқша тәрізді жасуша
B) сары дақ
C) колба тәрізді жасуша
D) соқыр дақ
E) нұрлы қабық

28. Иық белдеуін қозғалысқа келтіретін бұлшықет
A) дельта тәрізді
B) құрсақ
C) диафрагма
D) төртбасты
E) ымдау

29. Қысқа сүйектерге жатады
A) шынтақ сүйегі
B) омыртқа
C) ортан жілік
D) кәрі жілік
E) қабырға

30. Қозғалмайтын сүйектер
A) аяқ сүйектері
B) кол сүйектері
C) кабырғалар
D) омыртқа жотасы
E) бассүйек


31. Қаңқа мен бұлшықет жатады
A) тірек-қимыл жүйесіне
B) тыныс алу жүйесіне
C) асқорыту жүйесіне
D) жүйке жүйесіне
E) зәр шығару жүйесіне

32. Торсылдағы бар балық
A) Скат
B) Балғабас акула
C) Сазан
D) Химера
E) Акула

33. Қозуды шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өткізеді
A) өткізгіш нейрон
B) барлық нейрон
C) қозғалтқыш нейрон
D) сезгіш нейрон
E) байланыстырғыш нейрон

34. Қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті
A) дегенерация
B) регенерация
C) иммунитет
D) агглютинация
E) автоматия

35. Құрт тәрізді өсіндісі бар ішек
A) он екі елі ішек
B) аш ішек
C) тоқ ішек
D) ұлтабар
E) тік ішек

36. Күрделі биологиялық сүзгі
A) асқазан
B) несепағар
C) бүйрек
D) өзек
E) қуық

37. Зәрдің сарғыш түсті болуы неге байланысты
A) меланин пигментіне
B) гемоглобиннің кемуіне
C) урохром пигментіне
D) вазопрессин гормонына
E) эритроциттердің азаюына

38. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
A) 3500 мл
B) 2000 мл
C) 500 мл
D) 1500 мл
E) 1200 мл

39. Тері ауруларын емдейтін дәрігер
A) Невролог
B) Терапевт
C) Гинеколог
D) Дерматолог
E) Уролог

40. Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы
A) қызылшақалық
B) ұрықтық
C) балалық
D) нәрестелік
E) шараналық


41. Жамбас қуысындағы алмұрт пішінді бұлшықетті мүше
A) бүйрек
B) аналық без
C) бауыр
D) жатыр
E) қуық

42. Шықшыт сілекей бездерінің қабынуынан туындайтын ауру
A) кариес
B) цистит
C) паротит
D) гастрит
E) гепатит

43. Бауырдан бөлінетін сұйықтық
A) өт
B) панкреатин
C) вазопрессин
D) тимозин
E) сілекей

44. Жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны
A) 46
B) 48
C) 7
D) 13
E) 23

45. Генетика терминін 1906 жылы ғылымға енгізген ағылшын биологы
A) У. Бэтсон
B) Ч. Дарвин
C) Н. Ивановский
D) Ж.Б. Ламарк
E) К. Линней

46. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты
A) фосфолипидті
B) плазмалемма
C) кариоплазма
D) жасунық
E) қыртысты қабат

47. Хромосома жиынтығында ауытқу болатын мутация түрі
A) хромосомалық
B) морфологиялық
C) гендік
D) физиологиялық
E) геномдық

48. Бүркемелеу реңіне жатады
A) жасыл шөптегі жасыл шекшек
B) жолат пен жолбарыс денесіндегі жолақтар
C) балықтың жоны ақ, бауыры аспан түстес
D) теңіз атбас балығының балдырға ұқсастығы
E) ашық түсті қанқыз

49. Гендердің ығуы құбылысын сипаттаған ғалымдар
A) Д.Д. Ромашев, Н.П. Дубинин
B) А.О. Ковалевский, И.М Мечников
C) А. И. Опарин, Д. Холдейн
D) Ж.Б. Ламарк, Ч.Р. Дарвин
E) И.Ф. Шмальгаузен, А.Н. Северцов

50. Бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркенгіштік, т.б ұқсастығын сипаттайтын критерий
A) биохимиялық
B) физиологиялық
C) географиялық
D) экологиялық
E) этологиялық


Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
51. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың ағаштар тамырымен селбесуі
A) арамтамақтық
B) бәсекелестік
C) микориза
D) пәтерлестік
E) паразитизм
F) жыртқыштық

52. Саңырауқұлақтың көбеюі
A) өскін арқылы
B) спора арқылы
C) жынысты жолмен
D) тұқым арқылы
E) тамыр арқылы
F) бүршік арқылы
G) жыныссыз жолмен
H) мұртша арқылы

53. Сцифойдтардың маржандардан ерекшелігі
A) жүйке, бұлшықет ұлпасы, жарық, иіс сезуі дамыған
B) теңіздегі дыбыс тербелісін сезгіштігі анықталған
C) қаңқаларынан атолл, риф үйінділері түзіледі
D) теңізде ғана өмір сүреді, отырықшы жәндіктер
E) ұрықтануы, ұрықтың дамуы ішек қуысында өтеді
F) пішіні қолшатырға ұқсас, суда еркін жүзеді

54. Тамыраяқты қарапайымдылар
A) жасыл эвглена
B) бақалшақты амеба
C) домаланғы
D) бодо
E) опалина
F) кірпікшелі кебісше

55. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде «патша балығы» деп атайтын балық
A) табан
B) аққайран
C) сазан
D) мөңке
E) бахтах
F) акула

56. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі
A) Тауыс
B) Мысыр тауығы
C) Барылдауық бөдене
D) Жапон бөденесі
E) Күркетауық
F) Банкив тауығы

57. Тыныс алу мүшелеріне жатады
A) мұрын қуысы, аңқа, көмей
B) кеңірдек, ауатамырлар
C) өкпе
D) дыбыс сіңірлері
E) көкет
F) қабырға аралық бұлшықеттер
G) артерия, вена тамырлары

58. Организмдегі газ алмасу дегеніміз
A) оттегінің сіңіріліп, көмірқышқыл газының шығарылуы
B) көмірқышқыл газының сіңіріліп, оттегінің бөлінуі
C) органикалық заттардың ыдырауы
D) тыныс алу
E) оттегінің бөлінуі
F) азоттың сіңірілуі
G) көмірқышқыл газының шығарылуы

59. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г.Мендель қандай тәсіл қолданды
A) генеологиялық
B) гибридологиялық
C) биохимиялық
D) цитохимиялық
E) цитологиялық
F) химиялық

60. Антропогендік факторлар
A) тыңайтқыштарды себу
B) атом қарулары
C) кешендерді салу
D) жарылғыш заттар
E) паразитизм
F) ҒТП-тің дамуы
G) температура
H) кен орындарын ашу


Мәнмәтіндік тапсырмалар
1-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

61. Ең үлкен ұшатын құс _______ дуадағы
A) Азия
B) Аустралия
C) Еуропа
D) Америка
E) Африка

62. Дуадақ мекендейді
A) сулы-батпақты жерде
B) таулы аудандарда
C) орманды дала, далада
D) сулы аймақта
E) шөл, шөлейт далада

63. Жиекдуадақтың ерекшелігі _______ _____ жолақтың болуында.
A) мойынында сары
B) қанатында сары
C) қанатында қара
D) құйрығында қара
E) мойынында қара

64. Дуадақта не болмайды
A) тұмсық тісі
B) тырнағы
C) құйымшақ безі
D) қауырсыны
E) қыртөсі

65. Дуадақтың ең кішкентай түрі
A) боздуадақ
B) жиекдуадақ
C) дуадақ
D) безгелдек
E) даладуадақ

Мәнмәтіндік тапсырмалар
2-мәнмәтін
Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырмаАшық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. Кәдімгі қарағай бірүйлі өсімдік, жарық сүйгіш, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 см-ден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Жас өркеннің түбінде тығыз топтала орналасқан ұсақ, жасылдау түсті бүрлер болады. Бұлар аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағында тозаң түзілетін екі тозаң қапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады.

66. Қарағайдың бүрлерінің ерекшелігі


A) жеміс түзуге қатысады
B) аналық, аталық бүрлері бір бұтақта болады
C) тозаңдары су арқылы таралады
D) аналық, аталық бүрлер екі өсімдікте болады
E) бүрлері бірдей, көбеюге қатысады

67. Ашық тұқымды өсімдіктердің жемістері
A) споралары болады
B) гүлдемейді, сондықтан жемістері жоқ
C) шырынды сүйекті жеміс D) жемістері құрғақ, қанатша жемістер
E) гүлдеп, жеміс түзеді

68. Ашық тұқымды өсімдіктердің сүрегі
A) сүрек ашық тұқымды өсімдіктердің сыртқы қабығы
B) сүрек бөлігінде жасушалар бөлінуі нәтижесінде ұзарады
C) сүрек бөлігінде фотосинтез жүреді
D) сүрек ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі
E) сүрек көптеген бөлімдерден тұрады

69. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан қарағай
A) екі үйлі өсімдік деп аталады
B) бірүйлі өсімдік деп аталады
C) көпүйлі өсімдік деп аталады
D) споралы өсімдік деп аталады
E) жарық сүйгіш өсімдік деп аталады

70. Қылқан жапырақты өсімдіктер деп аталу себебі
A) бір буында бірнеше жай жапырақ орналасқан
B) жапырақтары ине тәрізді жіңішке, ұшы үшкір болады
C) жапырақтары сояу тәрізді үшкір болады
D) жапырақтары таспа тәрізді ұзын, параллель жүйкелі болады
E) жапырақтары сағақты жәй жапырақ

1-БЛОК бойынша тест аяқталды.

 НКТ. Тест по блоку: «Педагогика, методика обучения».
 НКТ. Тренировочные тестовые варианты по учебным предметам.
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Bio-Lessons
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: